
Ағымдағы жылғы 10 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі 52859 әскери бөлімінің әскери үшсайыс бойынша құрама командасы Алматы облысы Тамғалы Тас шатқалындағы «Жартасты қала – Астана» оқу-жаттығу полигонында «Қазқұтқару- 2022» жиын-семинары аясында әскери үшсайыс жарысының бірінші күні кешенді- күштік жаттығуларды орындаудан командалық есепте 1-орын және 3 шақырымдық рельефті «Ойлы-қырлы жерлер бойынша командалық эстафета» бойынша арақашықта жүгіруден 1-орын алды.
Одан бөлек, 3 шақырымдық рельефті «Ойлы-қырлы жерлер бойынша командалық эстафета» бойынша арақашықта жүгіруден жеке қорытындының нәтижесі бойынша құрама командамыздың мүшесі аға лейтенант Азамат Омарбеков 08 минут 40 секунд нәтижесімен «Қазқұтқару 2022» құтқару семинарының рекордын орнатып, 2021 өзінің қойған жеке рекордын (09 минут 12 секунд) жаңартты!
Айта кетейік, бұған дейін ағымдағы жылдың 8 қыркүйегінде 52859 әскери бөлімінің құтқару көпсайыс бойынша құрама командасы «Қазқұтқару- 2022» жиын-семинары жарысының бірінші күні 3 шақырымдық рельефті «Ойлы-қырлы жерлер бойынша командалық эстафета» бойынша арақашықта жүгіруден 1 орын алып, жарыстың бұл кезеңі бойынша еліміздің құтқару жасақтары мен азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінен құрылған барлығы 16 командасы арасында чемпион атанған болатын. Құттықтаймыз! Алға жігіттер!
52859 әскери бөлімі