Тараз металлургиялық зауытының аумағында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті

Тараз металлургиялық зауытының аумағында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті

Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімшелері 2022 жылғы 12 қыркүйекте Тараз металлургиялық зауытының аумағында өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді. Аталған оқу-жаттығуға  Тараз қаласының өртке қарсы қызмет гарнизонының бөлімшелері (№4 Өрт сөндіру бөлімі, №1 және №2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдері), Кезекші өрт сөндіру қызметі жұмылдырылды. Барлығы: 11 бірлік техника және өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 67 адам қатысты.

Оқу – жаттығудың басты мақсаты - өрт сөндіру қызметінің басшы және қатардағы құрамының объектідегі шартты өртті сөндіру тактикасы мен ұйымдастырудың өзге де мәселелерін тәжірибелік пысықтау, сондай-ақ объекті қызметкерлерімен өзара іс-қимылды пысықтау болып табылады.

Оқу-жаттығудың тактикалық жоспарына сәйкес электр сымдарының қысқа тұйықталуынан 13 тонна майы бар трансформатор өртке оранған. Адамдардың өміріне, қызмет көрсететін  қызметкерлерге және өрттің таралуына қауіп төнген.

Оқиға орнына №2 жоғары шақырту бойынша кестеге сәйкес Тараз қаласы өртке қарсы қызмет гарнизонының күштері мен құралдары жөнелтілді. Өрт орнында адамдарды құтқару және өртті сөндіру үшін өрт сөндіру штабы, сондай-ақ газ-түтіннен қорғау қызметінің 3 буынының жұмысы ұйымдастырылды.

Бөлімшелер алдына қойылған міндеттерді сәтті орындады, оқу-жаттығу нәтижесінде шартты өрт жойылды. Оқу-жаттығу қорытындысында ескертулер мен кемшіліктер көрсетіле отырып, талдау жүргізілді. Сонымен қатар, өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамымен ғимараттың орналасу ерекшеліктерімен танысу үшін нысанды аралау шарасы жүргізілді.

Жамбыл облысы ТЖД ӨСжАҚЖҚ

Қоғаммен байланыс тобы