Семинар-сабақ: «Басты міндет - тероризмнен сақтану»

Семинар-сабақ: «Басты міндет - тероризмнен сақтану»

Қызылорда облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» мемлекеттік мекемесі Жедел құтқару жасағында жеке құрам арасында «Басты міндет - тероризмнен сақтану» тақырыбында семинар-сабақ өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: терорлық қауіп-қатерден сақтану және тәртіпсіздіктер кезінде  жеке құрамды дұрыс әрекет етуге бағыттау бойынша  сабақ  жүргізу.

 Аталған іс-шараға Қызылорда облысының Денсаулық сақтау басқармасының  «Жұмылдыру жұмыстары және мемлекеттік құпияларды қорғау» бойынша бас маманы Ербол Әлібаев пен  ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасы орталығы» Қызылорда облысы филиалының психологі Жазира Досаева қатысты.

Іс-шараның барысында Жедел құтқару жасағы басшысының орынбасары  Мейрамбек Доспенбетов жеке құрамға арнайы шақырылған қонақтарды таныстырды. Құтқару бөлімшесінің бас құтқарушы-психолог Жанар Бегманова жеке құрамға «Басты міндет - тероризмнен сақтану» тақырыбында презентация көрсетті.

Семинарда Қызылорда облысының Денсаулық сақтау басқармасының  «Жұмылдыру жұмыстары және мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша бас маманы Ербол Әлібаев өзінің тәжірибесімен бөлісе отырып, дәріс оқыды.                                                   

ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Қызылорда облысы филиалының психологы Жазира Досаева «Менің көңіл-күйім» тақырыбында психологиялық тренинг жүргізді. Тренингтің мақсаты: қатысушылардың психоэмоционалды көңіл-күйлерін көтеру, өз-өзін ретке келтіру, бір-біріне ұжымда сенімділік білдіру болды.

Семинар-сабаққа келген қатысушылар мамандарға өздерінің көкейтесті сұрақтарын қойып, жауап алды. 

Іс-шараның соңында бас құтқарушы-психолог Жанар Бегманова жеке құрам атынан қонақтарға ризашылығын білдірді.

 

 

 

                                                                             Қызылорда облысы ТЖД

                                                                            «ӨС және АҚЖҚ» ММ

                                                                            Жедел- құтқару жасағы

                                                                            Құтқару бөлімшесі