Алтай ауданындағы өрт оқшауланды

Алтай ауданындағы өрт оқшауланды

12 қыркүйекте 18 сағат 00 минутта Алтай ауданындағы бұта мен шөпке жайылған өрт «Зырян орман шаруашылығы» КММ және «Быков орманшылығы» аумағында шамамен 3800 Га алаңда оқшауланды. Өртпен ШҚО ТЖД өрт сөндірушілері, жергілікті атқарушы органдар, орманшылар, Қазавиаорманқорғау» күресті. Отпен күрестегі қиындық қолжетімсіз таулы жерлерде болды. Қосымша 2 тікұшақ жұмылдырылды.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі