Павлодар облысында өрт қауіпсіздігінің айлығы өтті

Павлодар облысында өрт қауіпсіздігінің айлығы өтті

2022 жылғы 10 қыркүйекте өрт қауіпсіздігі айлығы шеңберінде Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен, "Жастар Рухы" аманат партиясы Жастар қанатының және Қызыл Жарты Ай қоғамының еріктілерімен бірлесіп Павлодар қаласының жеке тұрғын секторында "Жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі" акциясын өткізді.
Басты мақсат - азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелеріне оқыту арқылы жылыту кезеңіндегі өрттер мен жазатайым оқиғалардың санын азайту.
Қатысушылардың жалпы сап түзеуі Павлодар облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ №4 өрт сөндіру бөлімінің аумағында өтті, онда Павлодар облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау полковнигі Қайрат Зиядинұлы Шаймарденов тұрғын үй секторында өрт және адамдардың қаза болу қаупін азайту мақсатында өткізіліп жатқан іс-шараның маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ қауіпсіздік техникасының сақталуын еске салды.
Осы акцияға барлығы 45 адам қатысып, 152 тұрғын үймен қамтылды, өрт қауіпсіздігі шараларына 340 адам оқытылды.
Өрт қауіпсіздігінің қарапайым талаптарын сақтау ғана азаматтардың өмірін, денсаулығын және материалдық мүлкін сақтауға мүмкіндік береді.

Павлодар облысы ТЖД