2022 жылғы 23 қыркүйекте Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Алматы қаласының тұрғындарымен кездеседі, сондай-ақ азаматтарды қабылдайды.
Кездесу "Алматы бас жоспары" ғимаратында өтеді (Абай даңғылы 90, басталуы 10:00)
Сонымен қатар Министр брифингке қатысып, министрліктің қызметіне қатысты сұрақтарына жауап береді.
Азаматтардың сұрақтарын, сұраулары мен ұсыныстарын жинақтау Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсындағы «Сұрақ-жауап» айдары («Халықпен кездесу» санаты), ps_dchs_almaty@mail.ru, ps@emer.kz. электрондық поштасы арқылы жүргізіледі. Сұрақтар 2022 жылғы 21 қыркүйекке дейін қабалданады.
Тіркелу кезінде аты-жөнін, сауалын және байланыс дерегін (ұялы байланыс нөмірі) жазып қалдыру қажет, «2022 жылғы 23 қыркүйекте халықпен кездесу» деп хаттың тақырыбын көрсеткен жөн.
Жеке қабылдауға жазылу үшін dchs_alm@emer.kz электрондық пошта арқылы, 8-706-643-41-12, (WhatsApp 8-706-643-41-12) және 274-16-88 телефондары бойынша хабарласыңыздар.