
8 қыркүйек сағат 11-00-дегі жағдай бойынша Қарағанды облысының аумағында табиғи өрттердің басым бөлігі жойылды. Бақылауда 4 табиғи өрт ошағы қалып отыр, оның екеу ауыздықталды. Қалған өрттер бойынша да оқшаулау және жою күтілуде.
Бұқар Жырау ауданында Ақоре а/о, .Рыбинское бөлімшеден солтүстік-шығысқа қарай 2 км жерде 7 қыркүйекте 14-00-де "Белағаш орманшылығы" аумағында 250 га алаңда құрғақ шөп пен орман маңайы өртенді, оның ішінде 21,7 га орман аумағы (орман төсеніші мен бұталар). Өрт 8 қыркүйекте сағат 9:10-да ауыздықталды.
Бұқар Жырау ауданының Ақөре а/о-да, Ақөре ауылынан оңтүстікке қарай 2 км жерде, 7 қыркүйекте 14-00-де "Белағаш орманшылығы" аумағында 180 га алаңда шөптер мен орман маңайының жануы орын алды, оның ішінде 10 га орман аумағы (орман төсеніші мен бұталар). Өрт 8 қыркүйекте сағат 9:30-да ауыздықталды.
Шет ауданында Мыңбаев а/о, Қызылтау ауылынан 12 шақырым жерде 5 қыркүйек сағат 09-28-де құрғақ шөптің жануы орын алды (алдын ала болжам бойынша ауданы 1000 га).
Ақтоғай ауданында, Қусақ а/о, Қусақ ауылынан солтүстікке қарай 20 км жерде 7 қыркүйекте сағат 17-00-де 200 га алқапта құрғақ шөп өртенді.
Барлық табиғи ошақтарда ТЖД, жергілікті атқарушы органдар мен орманшылықтардың ЕӨС күштері жұмылдырылды. Табиғи өрттер мен жануды жоюға барлығы 267 адам мен 95 бірлік техника жұмылдырылды.
Қарағанды облысының ТЖД азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау туралы өтініш білдіреді, үрейленбеуге және қажет болған жағдайда кезекші - диспетчерлік қызметтің 101, 112 телефондарына хабарласуға болады!
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі