
Бүгін, 2022 жылғы 8 қыркүйекте «Қазқұтқару-2022» кешенді тактикалық оқу-жаттығу шеңберінде «Жартасты қала – Астана» оқу-жаттығу полигоны базасында Орталық Азия елдері төтенше ведомстволарының кинологиялық қызметтерінің мастер-тренингі басталды.
Мастер-тренингті Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымы аясында Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.
Кинологиялық қызметті дамытуда тәжірибе алмасу үшін мастер-тренингке Ресей ТЖМ 2 нұсқаушы-кинолог, Қазақстан Республикасы ТЖМ 30 кинологиялық есеп, Қырғыз Республикасы ТЖМ, Өзбекстан Республикасы ТЖМ және Тәжікстан Республикасы ТЖК 2 есептен қатысады.
Мастер-тренинг шеңберінде техногенді үйіндіде және табиғи орта жағдайларында іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде қызметтік иттерді дайындау және қолдану мәселелері зерделенетін болады.
Төтенше жағдайларды жою департаменті