
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 03.09.2022 жылғы өкіміне сәйкес 52859 әскери бөлімінің жиынтық-құтқару батальонының жеке құрамы 100 әскери қызметші және 11 бірлік техника Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орман өртін жою бойынша жұмыс жүргізуде.
Өртті жою орнына келгеннен кейін 52859 әскери бөлімінің жеке құрамы Новонежинка ауылында зардап шеккен халыққа арналған лагерь және жедел штаб құрылды. Тіршілікті қамтамасыз етудің барлық элементтері бар 9 каркас типті дала шатыры (40 жергілікті) орнатылды. Қазіргі уақытта 52859 әскери бөлімінің жеке құрамы Бағаналы ауылында өрт салдарының қалған ошақтарын жоюды жүргізуде.
2022 жылғы 5 қыркүйекте еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зардап шеккен халықтың лагеріне келіп, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі 52859 әскери бөлімінің жеке құрамының күшімен орнатылған шатырлы қалашықтың жедел штабында Қостанай облысындағы өрттерді жою бойынша отырыс өткізді.
Қарағанды облысының 52859 әскери бөлімі