Алтай аймағында жанып жатқан бұталар мен шөптерді сөндіру жалғасуда

Алтай аймағында жанып жатқан бұталар мен шөптерді сөндіру жалғасуда

ШҚО ТЖД өрт сөндірушілері, жергілікті атқарушы органдар, "Қазавиаорманқорғау", орманшылар, "Зырян орман шаруашылығы" және "Быков орманшылығы" КММ аумағында шөптер мен бұталарды шарпыған отпен күресуді жалғастыруда. Таудағы қолжетімсіз жерлер өрт сөндіру процесін қиындатуда, оған арнайы техника жете алмайды. Суағар құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы жалынды ауадан тыныштандыруға көмектеседі. Елді мекендерге төнетін қауіптің алдын алынды. ШҚО ТЖД мен өрт орнында жедел штабтардың тәулік бойы жұмысы ұйымдастырылған. Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД, орман шаруашылығы, ЖАО және Қазавиаорманқорғаудан 340-тан астам адам мен 25 техника жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта алдын ала болжам бойынша өрт алаңы 367 Га құрады, оның ішінде 167 Га-ормансыз аймақ және 200 Га - ауылдық округтің жерлері, шөп.

Сонымен қатар, өңірде өрт қауіптілігінің жоғары сыныбы сақталуда. Мамандар аудандардағы жағдайды термонүктелер бойынша деректер ала отырып, космомониторингтің көмегімен бақылайды.

 ШҚО ТЖД баспасөз қызметі