
"Зырян орман шаруашылығы" КММ, Быков орманшылығы аумағында шөп пен бұта өртенді. ШҚО ТЖД өрт сөндірушілерінің, жергілікті атқарушы органдардың жұмысы дереу ұйымдастырылды. Өртті сөндіру бойынша жұмыс жетуі қиын таулы жерлермен күрделенген.
Өрттің алдын ала аумағы 167 га құрады.
Көзбен шолып тексеру үшін Қазавиаорманқорғау АН-2 ұшағы жұмылдырылды.
Елді мекендерге қауіп жоқ.
Өртті сөндіруге жалпы ШҚО ТЖД мен орман шаруашылығы мен
Қазавиаорманқорғаудан 344 адам және 25 техника жұмылдырылды.
Өртті сөндіруге суағызу құрылғысы бар ШҚО АП МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды . Қазіргі уақытта тікұшақ 3 рет 9 тонна көлемінде су шашты.
ШҚО ТЖД-да және өрт орнында жедел штабтар жұмыс істейді.
Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі