Азаматтық қорғау академиясында жаңа оқу жылы басталды

Азаматтық қорғау академиясында жаңа оқу жылы басталды

2022 жылдың 1 қыркүйегінде Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясында  Білім  күніне  арналған  салтанатты  сап түзеу өтті.

Академия бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Нұрқанов А.А. жеке құрамды жаңа оқу жылымен құттықтап, курсанттарға табандылық, өзіне деген сенімділік пен жаңа білім шыңдарын бағындыруды, ал ұстаздарға  төзімділік  пен  шығармашылық табыс тіледі.

Сондай-ақ, азаматтық қорғау ардагері С.А.Асылбеков, Академия бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі К.К.Карменов құттықтау сөз сөйледі.

 Курсанттар атынан қатардағы жауынгер Рустамұлы А.  сөйледі.   «Академия табалдырығын тұңғыш аттаған  1-курс курсанттары үшін бүгін - айтулы мереке, ұмытылмас сәт.  Бұл - үлкен өмірге жолдама алған біздің білім әлеміне маңызды қадам жасайтын күніміз» - деді ол. 

Сондай-ақ бірінші курс  курсанттары бұл күні алғашқы погондарын алды.

Мерекелік шара салтанатты маршпен аяқталды.

                   

 

ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы

Азаматтық қорғау академиясының баспасөз қызметі