
«Білім күні» қарсаңында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің және оның аумақтық департаменттерінің қызметкерлері жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысты.
Аталған акцияның мақсаты – аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан білім алушыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде материалдық және өзге де көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу болып табылады.
Саналы ұрпақ тәрбиелеу – бұл қоғамның басты міндеті және болашақта елдің көркейіп, дамуына деген үміті.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті