1 қыркүйекте Білім күні тойлануда!

1 қыркүйекте Білім күні тойлануда!

Бүгін Білім күнін Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысының Білім басқармасының «№1 балабақша мектеп-интернатының арнайы кешені» КММ атап өтуде. Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник О.Ю. Трещев, Павлодар қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Р.Е. Валишанов, Департаменттің психологиялық қызмет тобының бас маманы азаматтық қорғау майоры Ж.О. Рушанова жыл сайынғы демеушілік көмек көрсетуге келді.

Салтанатты жиында Департамент бастығының орынбасары полковник О.Ю. Трещев құттықтау сөз сөйледі.

Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті оқушылар мерекесін тойлау құрметіне және «Мектепке жол» акциясы аясында Павлодар қаласының № 1 Арнайы интернатының тәрбиеленушілеріне, атап айтқанда бірінші сынып оқушыларына кеңсе тауарлары түрінде көмек көрсетті.

Павлодар облысы ТЖД кадр саясаты басқармасы