
2022 жылғы 30 тамыз күні 09 сағат 07 минутта ТЖ департаментінің кезекшілік-диспетчерлік басқару пультіне Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылы Бармақ батыр көшесінде құдыққа мысық түсіп кеткені жөнінде хабарлама келіп түсті.
Шақырту орнына құтқарушылар жіберіліп тереңдігі 8 метр құдықтан мысық шығарылды.
Ұүтқарушылар мысықты шығарып алып, оны иесіне тапсырды. Қазір оған ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Ақтөбе облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы