
Өскемен металлургия кешенінің алаңында алғаш рет «Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау үшін цифрландыру» форумы өтті. «Қазмырыш» ЖШС елімізде алғашқылардың бірі болып Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің инспекторлық құрамы үшін цифрлық ресурстарға қолжетімділікті ашты, бұл онлайн-режимде қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың жай-күйіне мониторинг жүргізуге және атқарылған жұмыс туралы деректерді қарауға мүмкіндік берді. Бұған ағымдағы жылдың сәуір айында «Қазмырыш» ЖШС және Министрлік арасында «Өнеркәсіптік қауіпсіздік инспекторы» пилоттық цифрлық жобасын іске қосу туралы Меморандумға қол қою арқылы қол жеткізілді.
Министрліктен цифрландыру бойынша семинарға Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Мұса Тұрманұлы Танабаев, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Абай облыстары бойынша департаменттерінің қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында бірқатар жаңа жоғары технологиялық шешімдер таныстырылды.
Атап айтқанда, «Redmine платформасы базасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын тексеру нәтижелерін цифрландыру», «Алтай КБК Малеев кенішінің үлгісінде смартфондар арқылы электрондық наряд-тапсырмаларды беру және басқару», «Ауытқуларды басқарудың ақпараттық жүйесі – OneApp», «Аварияларды жою жоспарларын басқаруды автоматтандыру және практикалық оқу-жаттығуларды өткізу» және кәсіпорындардың басқа да әзірлемелері қарастырылды.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті