
2022 жылғы 30 тамыз күні сағат 09.07-де ТЖ департаментінің кезекшілік-диспетчерлік басқару пультіне Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Ряхов көшесі, пәтердің түтіндеуі бойынша хабарлама келіп түсті.
Шақырту орнына өрт сөндіру қызметінен 24 қызметкер және 6 бірлік техника жіберілді. Шақыру орнына келгеннен бойда 5 қабатты жатақхананың 2-ші қабатындағы дәлізде шкафтың жанғаны анықталды.
Құтқарушылар баспалдақ арқылы 6 адамды, оның ішінде 1 баланы құтқарды. 54 адам, оның ішінде 17 бала эвакуацияланды.
Өрт сағат 09. 28-де сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Ақтөбе облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы