ҚР ТЖМ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев жұмылдыру бөлімшелерінің қызметкерлерімен оқу-әдістемелік жиынға қатысты

ҚР ТЖМ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев жұмылдыру бөлімшелерінің қызметкерлерімен оқу-әдістемелік жиынға қатысты

2022 жылғы  24-27 тамыз аралығында Алматы қаласы ТЖД және 28237 ә/б базасында ҚР ТЖМ аумақтық бөлімшелері, әскери бөлімдері және азаматтық қорғаныс қызметтерінің жұмылдыру жұмысы бөлімшелерінің қызметкерлерімен 4 күндік оқу-әдістемелік жиындар өткізілді, оған 38 адам қатысты.

«Жұмылдыру дайындығының проблемалары, теориясы мен практикасы, қорғалған байланыспен қамтамасыз ету тәртібі» тақырыбындағы оқыту барысында мамандардың біліктілігін арттыруға, жұмылдыру органдары мен қорғалған байланыстың жұмысын регламенттейтін НҚА нормаларын зерделеуге және түсіндіруге бағытталған теориялық және практикалық сабақтар өткізілді.

Оқу-әдістемелік жиындардың қорытындысы бойынша ҚР ТЖМ бірінші вице-министрі генерал - майор И.Д. Күлшімбаев Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің атынан сертификаттарды табыстады.

 

Алматы қ ТЖД баспасөз қызметі