ТЖМ: елімізде төтенше жағдайлар мен оқиғалардың саны 4,7%-ға азайды

ТЖМ: елімізде төтенше жағдайлар мен оқиғалардың саны 4,7%-ға азайды

Төтенше жағдайлар министрлігі ел азаматтары мен халқы арасында ашық ақпараттық алаң құруға ерекше көңіл бөледі.

2022 жылдың басынан бастап Министрдің блогы арқылы азаматтардың 256 өтінішіне түсініктемелер берілді. Министрлік басшылығы Аманат партиясының онлайн-алаңында азаматтарды қабылдайды, онда Министрліктің қызметіне қатысты проблемалық мәселелер қаралады. Сонымен қатар аумақтық бөлімшелердің басшылары барлық өңірлерде азаматтарды жеке қабылдайды.

Мемлекет басшысының елдегі төтенше жағдайлардың санын азайту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Министрлік су тасқыны, сел мен жер сілкінісі қатерін барынша азайту, өрттердің, қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар мен оқыс оқиғалардың алдын алу, сондай-ақ азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар кешенін жүргізуде.

Соның нәтижесінде, жыл басынан бері елімізде төтенше жағдайлар мен оқиғалар саны 4,7%-ға азайды, яғни 7 мыңнан астам төтенше жағдай тіркелді. Қайтыс болғандардың саны 23,5%-ға, яғни 426 адам, 1 156 азамат зардап шекті.

ТЖМ құтқару қызметтері 44 мыңнан астам рет төтенше жағдайлар орнына шықты, 14 мыңнан астам адам құтқарылды және эвакуацияланды, екі мың жеті жүзге жуық зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Көктемде облыстың барлық дерлік аумағы су тасқынына бейім, су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша іс-шаралар жыл бойы жүргізіледі.

Елді мекендерді су тасқыны қаупінен қорғау үшін республикалық деңгейде 2023 жылға дейінгі жол картасы, өңірлік деңгейде  облыстық жоспарлар мен Даму бағдарламалары іске асырылуда. Республика бойынша су тасқыны қаупі бар 1 010 елді мекен анықталды. Биылғы су тасқыны кезеңінің қорытындысы бойынша 340 елді мекен  қауіп-қатер аймағынан шықты,  385-інде қауіп-қатер барынша азайтылды, 285-і бүгінде қауіп-қатер аймағында қалып отыр.

Еліміздің сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан Республикасының сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған шаралар кешені» Жол картасы әзірленіп, бекітілді. Оның шеңберінде Шығыс Қазақстан облысын егжей-тегжейлі сейсмикалық аудандастыру картасын әзірлеу аяқталды. 2022 жылдың соңына дейін карталарды әзірлеу жұмысы Алматы облысының аумағы үшін, 2023 жылы Жамбыл облысы үшін іске асырылатын болады. Алматы қаласының аумағында қиратушы жер сілкінісі туралы ерте хабарлаудың 9 автоматтандырылған жүйесі орнатылған. 2023 жылға дейін қосымша 28 станция орнату жоспарлануда.

2022 жылғы сел қаупті кезеңнің өтуі жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жырылу қаупі бар 15 мұздақ көлде алдын алу іс-шараларын жүргізу жоспарланған. Бүгінгі күні оның 12-сінде алдын алу жұмыстары жүргізілуде, 1-еуінде аяқталды.

Бүгінде еліміздің өртке қарсы қорғанысын 422 өрт сөндіру депосы, 3321 өрт сөндіру-құтқару техникасы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың 549 өрт сөндіру бекеті қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан қалалары мен Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында 4 өрт сөндіру депосының құрылысы жүргізілуде. Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың қолдауының арқасында биыл Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында 40 өрт сөндіру бекеті ашылды.

Сонымен қатар Министрлік қауіпті өндірістік объектілердегі қауіпсіздікті жақсарту және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы құқықтық тәртіпті нығайту бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді. Қадағалау профилактикалық жұмыстардың нәтижесі өндірістегі қауіптілік деңгейін едәуір қысқартуға мүмкіндік бергенін атап өту қажет. 2018 жылдан бері орын алған авариялардың санын 30 %-ға азайтуға мүмкіндік берді (2018 жылы – 27, 2019 жылы – 28, 2020 жылы – 28, 2021 жылы – 20).

Мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру аясында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары бұзушылықтарын азайту мақсатында инспекторлар жыл басынан бері 1 306 тексеру, оның ішінде ерекше тәртіппен 713 тексеру және 593 жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру барысында 16 385 объект тексерілді. Адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру қаупін тудыратын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзғаны үшін 582 объект тоқтатылды.

 

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі