2022 жылғы 15-17 қыркүйек күндері Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Абай облысына жұмыс сапарымен барады.
Министр облыстың тұрғындарымен, кәсіпкерлермен кездеседі, сондай-ақ азаматтарды қабылдайды.
Сонымен қатар Министр брифингке қатысып,министрліктің қызметіне қатысты сұрақтарына жауап береді.
Азаматтардың сұрақтарын, сұраулары мен ұсыныстарын жинақтау Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсындағы «Сұрақ-жауап» айдары («Халықпен кездесу» санаты), gouchs_semei_vko@emer.kz, ps@emer.kz электрондық поштасы арқылы жүргізіледі. Сұрақтар 2022 жылғы 25тамызға дейін қабалданады.
Тіркелу кезінде аты-жөнін, сауалын және байланыс дерегін (ұялы байланыс нөмірі) жазып қалдыру қажет, «2022 жылғы 16 қыркүйектегі халықпен кездесу» деп хаттың тақырыбын көрсеткен жөн.
Жеке қабылдауға жазылу үшін 8-708-158-58-50(WhatsApp) және 56-99-16 телефондары бойынша хабарласыңыздар.