1995 жыл біздің еліміздің маңызды күндерінің бірі болды. 30 тамызда жалпыхалықтық референдумда негізгі заң - Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. Араға 3 ай салып, сол жылдың 17 қарашасында отбасында екінші бала болған Әубәкіров Еламан Манарбекұлы дүниеге келді. Әкесі Әубәкіров Манарбек Хасенұлы мен анасы Аубакирова Жайна Асхатқызы болашақта өзгелерге үлгі болу үшін лайықты ұл тәрбиелеуді армандаған. 2002 жылы Еламан алғаш рет М.Ломоносов атындағы №5 орта мектеп-лицейінің мектеп партасына отырды. Өзінің жетінші сыныбын дарынды балаларға арналған №20 мамандандырылған лицейде жалғастырды. 2013 жылы Еламан үшін соңғы мектеп қоңырауы соғылып, сол жылы ол І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетіне оқуға түседі. 3 жылдан кейін ол өмір қауіпсіздігі негіздері саласындағы дипломдалған маман болды. Жоғары оқу орнын бітіріп, отан алдындағы борышын өтеуге бел буған Шымкент қаласының №6506 әскери бөлімінде ішкі әскерде қызмет етті. 2019 жылдан бастап бір жыл бойы Алматы облысының мемлекеттік сәулет бақылау басқармасында заңгер көмекшісі болып жұмыс істеді. 2020 жылдың көктемінде конкурстық негізде Алматы облысы ТЖД Жамбыл ауданының төтенше жағдайлар бөліміне инженер болып жұмысқа орналасты. Бір жылдан кейін ол аудан әкімінің атынан жоғары жұмыс көрсеткіші және таудағы адамдарды іздеуге көмек көрсеткені үшін "Үздік жас құтқарушы" номинациясына грамота мен мүсіншені алды. Ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап өзінің кәсіби қызметін Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментінде техникалық нормалаудың аға инженері ретінде жалғастыруда. Оның жұмысының басты міндеті - өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
«Мен көпұлтты елде өмір сүріп жатқанымды мақтан тұтамын, онда әр адам бір-бірін және барлық этностардың салт-дәстүрлерін құрметтейді. Еліміздің негізгі заңы Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданған жылы дүниеге келу мен үшін үлкен мәртебе», - деп атап өтті Еламан Әубәкіров.
Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаменті сіздерді Конституция күнімен шын жүректен құттықтауға асығуда. Сіздерге гүлдену, ашық аспан, жарқын күн және барлығыңызға амандық тілейді.
Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі