Конституция құрдасы

Конституция құрдасы

Уразов Батырбек Алибекович 1995 жылы  7 қазанда Ақтөбе облысы, Қандығаш ауданы, Көктөбе ауылында дүниеге келді.

Азаматтық қорғау кіші сержанты Уразов Батырбек Алибекович азаматтық қорғау органдарында 2017 жылдың мамыр айынан бастап аға өрт сөндіруші қызметін атқарып келеді.

Өрт сөндіруші құтқарушылар әркез төтенше жағдай кезінде сақадай дайын болуы тиіс.

2020 жылы 29 ақпанда ӨСБ байланыс пунктіне Жаңақоныс ауылы №131 үйде өрт болып жатқандығы жөнінде ақпарат келіп түсті. Шақырту орнына өрт сөндіруші құтқарушылар жіберіліп, бөлімше шақырту орнына келген бойда тез арада барлау жүргізіп, тұрғын үйдің 1 қабатында орналасқан жылыту қазандығы өртеніп, бөлме жиһаздарына ауысқаны және адамдарға қауіп бар екені анықталды. Шешуші бағытты үйдің тұрғындарын құтқару және көшіру деп танып, 5 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылды. ГТҚҚ буын құрамында өрт сөндіруші азаматтық қорғау кіші сержанты Б. Уразов адамдардың өмірін құтқаруда өжеттілік танытып, зор үлесін қоса білді. Сонымен қатар өрт ошағын анықтап, 1 «Б» оқпанын беру арқылы өртті сөндірді. Қызмет атқарған уақытында өзін адал, жауапты және тәртіпті қызметкер ретінде жақсы жағынан көрсете білді.

Батырбек - қызметте жауапты маман, отбасында қамқор әке.

Құтқарушы — қауiптi, өмiрді тәуекелмен байланыстыратын түрлi табиғи және техногендiк апаттардан адамдарды құтқаруға бағытталған, адамгершiлікке толы, игі мамандық. Осындай жауапты салада жылдам әрекет ете білу қажет,-дейді Батырбек.

 

  Ақтөбе облысы ТЖД

 Қоғаммен байланыс тобы