Елордалық өрт сөндіру қызметінде үздік жүргізуші анықталды

Елордалық өрт сөндіру қызметінде үздік жүргізуші анықталды

Елордалық өрт сөндіру қызметінде үздік жүргізуші анықталды

 

Елордалық өрт сөндіру қызметі қаланың өрт сөндіру бөлімшелері арасында "Үздік жүргізуші-2022" байқау – конкурсын өткізді.

Байқау екі кезеңнен тұрды: бірінші кезең бөлімнің үздік жүргізушісін анықтау мақсатында тікелей бөлімшелерде өткізілді, екінші кезең "Үздік жүргізуші – 2022" анықтау үшін автодромдағы әрбір бөлімшенің қатысушыларымен өткізілді. Байқауға негізгі мақсаттағы "Камаз" шассиіндегі автомобильдерімен 13 өрт сөндіру бөлімі қатысты.

Трассаның өтуі келесі элементтерден тұрды: "Старт", "Қақпа", "Пеньки", "Жолтабан", "Жылан", "Гараж", "Тұрақ", "Сегіздік", "Кедергілері бар жартылай шеңбер", "Эстафета", "Тұйық", "Мерген", "Финиш". Әр қатысушы барлық жаттығуларды көрсетілген ретпен орындап, қысқа уақыт ішінде барлық қашықтықты өтуі керек болды.

Байқау қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

1 орын және "2022 жылдың үздік жүргізушісі" №7 МӨСБ өрт сөндіру автомобильдерін жүргізу жөніндегі аға нұсқаушы азаматтық қорғау старшинасы Төлеген Абдукалимов, 2 орын №23 МӨСБ өрт сөндіру автомобильдерін жүргізу жөніндегі жүргізуші-қызметкер азаматтық қорғау старшинасы Ербол Укенов және 3 орын № 2 МӨСБ өрт сөндіру автомобильдерін жүргізу жөніндегі аға нұсқаушы азаматтық қорғау старшинасы Әкімжанов Дамир.

Жыл сайынғы конкурстың негізгі мақсаты жауынгерлік әзірлікті және кәсіби шеберлікті арттыру, жүргізушілер құрамы мен өрт сөндіруші – құтқарушылардың практикалық дағдыларын жетілдіру болып табылады.

 

 

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы