
Осыдан тура бір жыл бұрын, 2021 жылдың 26 тамызында бәрімізді дүр сілкіндірген үлкен қайғылы оқиға болды. Бұл күн біздің өрт сөндіру отбасымызды 10 адамнан айырды. Біздің тату отбасымыз 10 нағыз ер азаматтан, өз ісінің кәсіпқойларынан, мықты ұлдарынан, күйеулерінен және әкелерінен айырылды. Олардың әрқайсысы біздің жадымызда қалады. Олар өздерінің қызметтік міндеттерін соңына дейін абыроймен орындап, нағыз батырлар болып қаза тапты.
Азаматтық қорғау полковнигі Меиржан Көпбосынұлы Айманов - Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ бастығының орынбасары.
Азаматтық қорғау подполковнигі Александр Николаевич Микропуло – Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Өрт сөндіру қызметінің жедел кезекшісі.
Азаматтық қорғау майоры Сергей Владимирович Заикин – Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Тараз қаласы №3 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы.
Азаматтық қорғау сержанты Торебеков Таңірберген Құдайбергенұлы-Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Тараз қаласы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші – құтқарушысы.
Азаматтық қорғау сержанты Турманов Жәнібек Жасұзақұлы - Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Тараз қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы.(Оқиға салдарынан 11 қыркүйек күні қайтыс болды)
Азаматтық қорғау аға сержанты Қуатбек Ғафан Жомартұлы - Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Тараз қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері.
Азаматтық қорғау сержанты Тимирболатов Арнұр Серікұлы– Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Тараз қаласы №3 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы.
Азаматтық қорғау сержанты Сандыбаев Елдос Қадырбайұлы Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Тараз қаласы №3 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші – құтқарушысы.
Азаматтық қорғау кіші сержанты Әділбек Әділет Қанатбекұлы Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Тараз қаласы №4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы.
Азаматтық қорғау қатардағы жауынгері Кеңес Әліби Бексұлтанұл– Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Тараз қаласы №4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы.
Бұл өрт сөндірушілердің өміріндегі соңғы кезекшілік болды. Олардың әрқайсысы үйге аман-есен оралады деген сеніммен қызметкешыққан еді. Бірақ өкінішке орай, біздің 47 қызметкеріміз түрлі дәрежедегі жарақат алып, ал 10-ы тіпті қаза тапты.
10 қаһарман, 10 өрт сөндіруші, 10 керемет адам енді біздің есімізде мәңгілікте.
Бүгін 2022 жылғы 26 тамызда Тараз қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында батырларға арналған ескерткіш алаңында еске алу шарасы өтті. Іс-шараға осыдан бір жыл бұрын қаза тапқан өрт сөндірушілердің туыстары мен жақындары, әріптестері, Жамбыл облысы ТЖД жеке құрамы, жергілікті атқарушы органдар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Жамбыл облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы