26 тамыз күні сағат 03:00-де Түркістан облысы Жетісай қаласында «Құлпаршын» сауда базарының аумағында 900 шаршы метрге жуық алаңда сауда бутиктері мен сауда сөрелері өртенді.
Өртті сөндіру қатты желмен (екпіні 18 м/с дейін) қиындады.
Сағат 05:20-да өрт ауыздықталып, сағат 07: 35-те сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Отпен бүлінген сауда үй-жайларының саны және өрттің себебі белгіленеді.
Тұтануды жоюға Түркістан облысы ТЖД жеке құрамынан 43 адам және 11 бірлік техника жұмылдырылды.