Қауіпті өндіріс орындарында 1 306 тексеру жүргізілді

Қауіпті өндіріс орындарында 1 306 тексеру жүргізілді

2022 жылғы 26 тамызда ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Өнеркәсіптік қауіпсіздік: ағымдағы жылдың 7 айының қорытындысы» атты баспасөз конференциясы өтті. Спикер болып ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нығмеджан Мақажанов сөз сөйледі.

«Жыл басынан бері 1 306 тексеру жүргізілді, оның ішінде ерекше тәртіп бойынша 713 тексеру және 593 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру барысында 16 385 объект тексерілді. Тексеру қорытындысы бойынша 20 402 өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзу анықталды», - деп атап өтті Комитет төрағасы.

Адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру қаупін тудыратын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзғаны үшін 582 объект тоқтатылды.

Тексеру нәтижелері бойынша барлығы 130 млн.теңгеден астам сомаға 890 әкімшілік айыппұл салынды.

Жыл басынан бері еліміздің қауіпті өндірістік объектілерінде 14 авария және 127 инцидент тіркелген (187, 32% - ға төмендеді).  Газ, мұнай-газ, көмір салаларында және жүк көтергіш механизмдерді пайдаланатын объектілерде аварияларға жол берілген.

Авариялар мен оқыс оқиғалардың негізгі себептері өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылуы; пайдаланылатын жабдықтың жоғары моральдық және физикалық тозуы; жұмыскерлердің өндірістік және еңбек тәртібінің төмендігі болып табылады.

Ағымдағы жылы өнеркәсіп кәсіпорындарының 3 267 технологиялық жабдығын (3 152 техникалық құрылғы және 115 технологиялық желі) ауыстыру жоспарланған.

Қорытындылай келе, Нығмеджан Мақажанов өндірістік объектілердегі қауіпсіздікті және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы құқықтық тәртіпті нығайту бойынша тұрақты жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті.

ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету ортақ іс және бизнестің, қоғам мен мемлекеттің бірлескен жауапкершілігі болып табылады.

 

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі