Брифингте бас спикер болып Шымкент қаласы ТЖ департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Аманбек Бейсембаев сөз сөйледі.
ТЖ департаменті табиғи өрттерді алдын алу мақсатында қала аумағында орман және дала алқаптарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тұрақты мониторинг жүргізіп, профилактикалық, рейдтік іс-шаралар, халықтың, орман және шаруа қожалықтарының қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстары өткізіп келді.
Қала аумағында орман-дала өрттерін алдын алу мақсатында республикалық маңызы бар және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының бойында, сондай-ақ орман алқаптары мен егіс алқаптарының айналасында минералдық жолақтарды жүргізу жұмыстары жүргізілді. Орман шаруашылық қожалықтары және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп өрт- тактикалық оқу жатығу өткізілді.
Ауыл шаруашылық және шаруа қожалықтарымен, тұрғындармен қала аумағында орман - дала алқаптарында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша белсенді үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Барлығы 80-нен аса жиын, нұсқаулық, дөңгелек үстел өткізіліп, онда 800 жуық адам қамтылды. Өрт қауіпті кезең және тұрмыстағы өрт қауіпсіздігін алдын алу тақырыптарында бейнероликтер мен жадынама парақшаларын әзірлеуге Шымкент қаласының әкімдігінің қолдауымен 5100 дана жадынама парақшалары мен плакаттар, бейнеролик әзірленіп, 12 билборд дайындалып, қаланың көшелерінде орналастырылды.
Бас спикер қала аумағында шілде айының 10 күндігінде күнің қатты ысып өрт сөндіру бөлімдері тәулігіне 10-нан аса шығулар жасап, 80-нен аса құрғақ шөптің жану оқиғаларына шыққаны туралы атап өтті. Осы ретте азаматтар немесе объектілердің иелері кінәлі болып табылса, жауапкершілікке тартылатындығын нақтылады. Қазақстан Республикасы Әкімшілік Құқық бұзушылық туралы Кодекстің 336-бабы бойынша өрт қауіпті кезең басталғалы бері 8 әкімшілік заңды және жеке тұлғаларға 1 408 980 тенге айыппұл ретінде тәртіптік шарасы қолданылды.
Жыл басынан бері Шымкент қаласының аумағында табиғи өрттер тіркелмеген. Орман-дала өрттерін жедел сөндіру үшін жергілікті атқарушы органдар қала аумағында өрт қауіпті кезеңде 42 ерікті өртке қарсы құралымдар құрып, жеке құрамында 405 адам, 69 бірлік бейімделген техника және 14 бірлік мотопомпасы дайындыққа келтірілгенін атап өтіп, Аманбек Алтынбекұлы қала тұрғындарына сақтық шараларын тағы да еске салып өтті.
Шымкент қ.ТЖД қоғаммен байланыс тобы