Өрт қауіпсіздігі шаралары енді «Maxim және Яндекс.Такси» сервисінде

Өрт қауіпсіздігі шаралары енді «Maxim және Яндекс.Такси» сервисінде

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті  «Maxim және Яндекс.Такси» жолаушылар тасымалдау саласындағы танымал агрегатордың ресми серіктестерімен бірлесіп, көліктегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы автокөлік иелерінің білім деңгейін арттыру бойынша бірлескен жұмыс жүргізуде.

Іс-шара аясында «Maxim және Яндекс.Такси» сервисінде тіркелген жүргізушілердің смартфонына маршрут бағыты басталар алдында автокөліктегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы SMS-хабарламалар келеді, бұл жүргізушілердің қауіпсіздік мәдениетін арттырады, бұл өз кезегінде жолаушыларды да қауіпсіздендіреді.

 «Maxim және Яндекс.Такси» сервис қызметіне 12 000-нан астам жүргізуші тартылғанын ескере отырып, акция кең ауқымды сипатқа ие және халықты барынша қамтитын болады.

Құрметті жүргізушілер, есіңізде болсын! Өртті сөндіруден гөрі алдын алу оңай, сондықтан өзіңіздің «темір досыңыздың» техникалық жағдайын қадағалаңыз, абай болыңыз және істі өртке дейін жеткізбеңіз.

 

 

Батыс Қазақстан облысы ТЖД

Мемлекеттік  өрт бақылау басқармасы