Конституция – Қазақстанның дамуының және гүлденуінің берік іргетасы

Конституция – Қазақстанның дамуының және гүлденуінің берік іргетасы

23 тамыз күні Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру мекемесінің қызметкерлерімен «Конституция – Қазақстанның дамуының және гүлденуінің кепілі» тақырыбында сабақ өткізілді.
Аталмыш күн бүгінде 27-ші жыл қатарынан еліміздің мемлекеттік мерекесі әрі демалыс күні ретінде аталып өтуде. Қазақстан 1991 жылы тәуелсіздік алғанына қарамастан еліміздің басты заңы нақты 1995 жылы бекітілді.                  30 тамыз күні сан мәрте өткен келісімдер мен талқылаулардың нәтижесінде жалпыхалықтық референдумда еліміздің Конституциясы қабылданды. Бұл біз үшін, Қазақстанның өз алдына дербес әрі тәуелсіз мемлекет ретінде одан әрі өркендеп, кемелденуі үшін оң шешім болатын.
Осыған орай аталмыш тақырыпта ұйымдастырылған сабаққа «Мемлекеттік қызмет және әкімшілік құқық» кафедрасының аға оқытушысы, құқық магистрі Кадыркулов Аскар және Экономика және құқық факультеті деканының ғылыми істер жөніндегі орынбасары, құқық магистрі Сарымбетов Ерлан арнайы шақырылды.
Жалпы Конституция еліміздің бірден бір саяси бағдарламасы болып табылады.
Осы басты заңға еліміздің идеологиясы, өзіндік құндылықтары, қоғамдағы қатынас принциптері, билік пен халықтың қарым-қатынасы секілді маңызды мәселелер кіреді. Міне сондықтан Конституция күні тек ұлттық мереке ғана емес, еліміздің әрбір патриот азаматтарының мерекесі деп айтсақ қателеспейміз.

 

Жамбыл облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы