2022 жылдың 22 тамызынан бастап Қазақстан Республикасы ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясында кіші басшы құрамды жоғары техникалық білім базасында қайта даярлау курстары басталды. Оған облыстардың және Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінен 51 қызметкер қабылданды.
Курс барысында қызметкерлермен арнайы-тактикалық, өрт-алдын алу, құтқару және өрт сөндіру-саптық дайындық, теориялық негіздер, өрт сөндіру тактикасы, құтқару жұмыстарын жүргізу және төтенше жағдайларды жою, газ-түтіннен қорғаушыларды даярлау бойынша теориялық және практикалық сабақтар жүргізіледі.
Оқу 15 қазанға дейін жалғасады. Курс аяқталғаннан кейін қатысушыларға қайта даярлау курстарынан өткені туралы сертификаттар беріледі.
ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының баспасөз қызметі