«Мектепке жол - шексіз жақсылық» акциясы аясында Қызылорда облысының азаматтық қорғау органдары қызметкерлері арасында қайырымдылық веломарафоны ұйымдастырылды. Қайырымдылық веломарафон қаражатына 14 балаға арналған мектеп киімі сатып алынды.
Естеріңізге сала кетейік, балалар жылында республикалық қайырымдылық акциясы «Мектепке жол — шексіз жақсылық» ұранымен өтуде. Акция аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қажетті көмек көрсету үшін өткізіледі. Барлық тілек білдірушілер балаларды жаңа оқу жылына дайындауға көмектесе алады.
Қызылорда облысының ТЖД ұжымы осындай қайырымдылық іс-шараларына белсенді қатысады.
Қызылорда облысы ТЖД