Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің Солтүстіқ Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесуі

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің Солтүстіқ Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесуі

2022 жылғы 25 тамызда Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин  Солтүстіқ Қазақстан облысының тұрғындарымен және кәсіпкерлерімен кездесу өткізеді, сондай-ақ азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады.

Кездесу Солтүстіқ Қазақстан облыстық «Оқушылар сарайы» ғимаратында өтеді (Петропавл қ., Ж.Жабаев көшесі, 55А, басталуы сағат 10:00-де).

Солтүстіқ Қазақстан облысының тұрғындары іс-шараға онлайн қатыса алады. Кездесу оқушылар сарайы ғимаратынан бейнеконференцбайланыс арқылы трансляцияланады.

Бұдан басқа, кездесудің тікелей көрсетілімі Төтенше жағдайлар министрлігі мен Солтүстіқ Қазақстан облысының ТЖД арнасында жүргізілетін болады.

Кездесу аяқталғаннан кейін сағат 11:10-те министр БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізіп, Министрліктің қызметіне қатысты сұрақтарға жауап береді.