Қазақстандық жасөспірімдер өрт сөндіру-құтқару спортынан әлем чемпионатында үздік үштікке ілінді

Қазақстандық жасөспірімдер өрт сөндіру-құтқару спортынан әлем чемпионатында үздік үштікке ілінді

2022 жылғы 16-21 тамыз аралығында Беларусь Республикасының Брест қаласында жасөспірімдер арасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша XI әлем чемпионаты өтті.

Аталған чемпионатқа Қазақстан, Ресей, Беларусь, Беларусь-2, Словакия және Үндістан командалары қатысты.

Жалпы командалық есепте Ресей жеңіс тұғырына көтерілсе, Беларусь екінші, Қазақстан III орынға ие болды.

Қазақстан құрамасы құрамында Батыс Қазақстан облысы Орал қаласындағы № 20 орта мектептің оқушылары Абылай Серіков және Ернұр Насибуллин ел намысын қорғады.

Кедергі жолақтарымен 100 метрді бағындыруда Абылай мен Ернұр финалға шықты. Абылай әлем чемпионатының қола жүлдегері атанса, Ернұр IV орынды иеленді.

Жауынгерлік қанат жаюдан Ернұр Насибуллин Қазақстан құрамасында екінші орыннан көрінді.

 

Батыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі