Алтай қаласында құтқарушылар күшіктерді құтқарды

Алтай қаласында құтқарушылар күшіктерді құтқарды

22 тамызда Алтай қаласының ТЖ қызметіне Панфилов көшесінде күшіктер бетон плиталардың астында қалып қойғаны туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына келген 2-МӨСБ қызметкерлері жануарлардың  қыңсылаған дауыстарын естіді. Құтқару жұмыстарының барлық кешенін жүргізуге тура келді. Авариялық-құтқару автомобилінің арнайы кран-манипулятор қондырғысының көмегімен құтқарушылар жануарлар қалып қалған бірнеше ауыр бетон плиталардан құралған қоршауды көтеріп, оларды шұңқырдан абайлап алып шықты. Құтқару операциясының барысын жақын маңдағы балалар бақылап отырды, олар құтқарылған күшіктер үшін қатты қуанды.

ШҚО ТЖД естеріңізге салады: төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі