ҚР ІІМ ТЖК-да су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша кеңес өтті

ҚР ІІМ ТЖК-да су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша кеңес өтті

2020 жылғы 7 ақпанда Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы генерал-майор В.Р. Беккерің төрағалығымен елдегі алдағы су тасқыны жағдайына дайындық мәселесі бойынша мүдделі органдармен жұмыс кеңесі өткізілді.

 Осы кеңеске Су ресурстары комитеттің төрағасы А.А.Тұрлубек және «Қазгидромет» РМК бас директоры Д.Қ.Әлімбаева қатысты, онда елімізде гидрометеорологиялық және гидрологиялық жағдай, ведомстволық бағанысты аумақтық бөлімшелердің бірлескен үйлесімді жұмысы бойынша бірқатар мәселелер талқыланды.   

Сонымен қатар кеңесте 2020 жылғы су тасқыны кезеңінде тікелей жұмылдырылатын барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қатысуымен өңірлермен апта сайын бейнеселекторлық кеңестер өткізу қажеттілігі туралы бірлескен шешім қабылданды.

 

ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі