
12 тамыз күні таңертең Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы базарлардың бірінде жұмыс істейтін күзетші кәріз құдығына түсіп кетіп, шыға алмай тұрған итті көрді.
Күзетші құтқарушылардың көмегіне жүгінді. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар итті құтқару жұмысына кірісті. Иттің қарсылық көрсеткеніне қарамастан, құтқарушылар багор таяқшасының көмегімен оны сыртқа шығарып алды. Кинологтар итті тексеруден өткізді. Ол зардап шеккен жоқ, ветеринарлық көмекке мұқтаж емес.
"ҚР ТЖМ РЖҚЖ"ММ баспасөз қызметі