ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімінің жаңа командирі тағайындалды

ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімінің жаңа командирі тағайындалды

2022 жылғы 8 тамызда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімінің командирі болып майор Кенбейлов Бағлан Талғатұлы тағайындалды.

2022 жылғы 9 тамыз күні Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Марат Күлдіков майор Бағлан Кенбейловты жоғары лауазымға тағайындалуымен құттықтап, оны әскери бөлімнің жеке құрамына таныстырды.

Өз кезегінде жаңа тағайындалған әскери бөлім командирі ҚР ТЖМ басшылық құрамына зор сенім артқаны үшін алғысын білдіріп, өзіне жүктелген сенімді абыроймен атқаруға бар күш-жігерін салатындығын айтты.

Майор Б.Т. Кенбейлов взвод командирінен әскери бөлім командиріне дейін қызметтік сатыдан өтті. Ол 1989 жылғы 22 наурызда Ақмола облысы Кийминск ауданына қарасты Кийма ауылында дүниеге келген. 2011 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Құрлық әскерлері институтын және 2020 жылы Ресей Федерациясының ТЖМ Азаматтық қорғау академиясын бітірген.

2011 жылдан 2022 жылдар аралығында взвод командирінен әскери бөлім командирінің тыл жөніндегі орынбасарына дейінгі түрлі лауазымдарды атқарды. 

ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен 28237 әскери бөлімінің бұрынғы командирі полковник Қасымов Данияр Болатбекұлы Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары болып тағайындалды.