52859 әскери бөлімінің жаңа командирі тайындалды

52859 әскери бөлімінің жаңа командирі тайындалды

Ағымдағы жылғы  9 тамызда 52859 әскери бөліміне Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі генерал-майор Ибрагим Күлшімбаев жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында бірінші вице-министр жеке құрамға жаңадан тағайындалған 52859 әскери бөлімінің командирі подполковник Омаров Жанатты таныстырды.

Бұған дейін бөлім командирі қызметін атқарған полковник Билялов  Бауржан Ербулатович  Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.

52859 әскери бөлімінің жеке құрамы полковник Билялов  Бауржанды  және подполковник Омаров Жанатты жаңа лауазымға тағайындалумен шын жүректен құттықтап, қызметтеріне табыс тілейді!

 

52859 әскери бөлімі