Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының ХХVIII ерлер арасындағы, VIII әйелдер арасындағы жазғы чемпионатының соңғы кезеңі 2022 жылғы 6 тамызда Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадионның кіші алаңында өткізілді. Командалардың барлығы да алаңға ерте келіп, дене дайындықтарын арттырды. «Жауынгерлік қанат жаю» жарысы - бұл команда болып бірге нәтижеге жететін жарыс кезеңдерінің бірі.
Жарыста қатысушылар өз дайындықтарын, жеңіске деген ұмтылыстарын көрсетті. Әйелдер командасы да ерлер командасынан еш қалыспай, күші мен кәсібилігінің арқасында жауынгерлік қанат жаюда ширақ қимыл көрсетті. Олар өрт сөндіру құралдарын қолдану тәсілдерін және төтенше жағдай кезінде командада жұмыс істеу әдістерін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойына ерлер арасында 1-орынды Ақтөбе облысының командасы, 2-орынды Батыс Қазақстан облысының командасы, 3-орынды Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының командасы иеленді. Ал, әйелдер арасында Түркістан облысының командасы 1-орынды иеленді. Қызылорда облысының командасы 2-орынды, Нұр-Сұлтан қаласының әйелдер командасы 3-орынға ие болды.
Қызылорда облысы ТЖД