
Кейде өмірде адам күтпейтін қиындықтар болады. 2022 жылғы 5 тамызда таңертең 6 адамнан тұратын туристер тобы жолға шықты. Өз сапарларын Медеуге көтерілуден бастау туралы шешім қабылдады. Түске қарай, жеті километр жолды жүріп өткен кезде, топ туристердің бірі жоқ екенін анықтады.
1991 жылы туған ер адам өз тобынан қалып қойды. Жолдастарын қуып жетуге тырысқанда, азамат қиын жағдайға тап болды: ол қайда екенін, оның тобынан қаншалықты алыс екенін түсіне алмады.
Осы уақытта сол топ туристер жолдасы жақын жерде деп үміттеніп, сол ауданды тексерді. Бірақ іздеу нәтижесіз болды. Түнде туристер тобы көмек сұрап құтқарушыларға хабарласты.
Осы уақытта жоғалған турист қауіпсіз түнейтін орын іздеді, өйткені тауда жаңбыр жауып, күші таусылып қалды, ер адам өз бағытын мүлдем жоғалтты. Оның құтқарады деген сенімі ғана қалды.
Сағат 00.30-да РЖҚЖ құтқарушылары жеке құрамнан 7 адам, 1 бірлік автотехника, 1 кинологиялық есеп дереу оқиға орнына шықты.
Түнгі сағат екі шамасында РЖҚЖ жедел тобы Комби-1-ге (Медеуден Шымбұлаққа дейінгі арқан жолы) келді. Бірақ түнгі уақытта фуникулерлер жұмыс істемейтіндіктен, құтқарушылар Комби-2-ге дейін (шамамен 5 км), содан кейін туристер бара жатқан Талғар асуына дейінгі бағыт бойынша жаяу жүрді.
Қараңғы түн түсіп, жарықсыз тау жолы, тауларда жаңбырлы жыл болды. Осыған қарамастан, құтқарушылар келесі күні таңертеңге дейін тау кедергілері мен ұзақ қашықтықты жүріп өтіп, іздеуді жалғастырды.
6 тамызда таңертең сағат 9.30-да РЖҚЖ жедел тобы жоғалған жолдасын іздеуге көмек күткен туристер тобына жетті.
Уақытты қысқарту және іздеу жұмыстарының аймағын кеңейту үшін 5 құтұарушыдан құрылған екінші топты, оның ішінде 1 бірлік автомобиль техника, бір кинологиялық есепті жіберу туралы шешім қабылданды. Құтқарушылардың екі тобы бөлініп, барлық жерді жоғарыдан және төменнен қарап шықты. Сағат 15.00-де іздеу аймағын одан әрі кеңейту үшін РЖҚЖ 5 құтқарушыдан құрылған үшінші топты, 1 бірлік автомобиль техникасын жіберу туралы шешім қабылданды.
Кешкі сағат алтыда РЖҚЖ құтқарушылары жоғалған азаматты- Совет шыңынан жоғары тапты, оның биіктігі теңіз деңгейінен 4317 м. Ер адамға барлық қажетті көмек көрсетілді. РЖҚЖ құтқарушылары ер адамға жақындары күтіп отырған Үлкен Алматы көліне түсуге көмектесті.
Құтқарушылар топпен жүрген кезде өзін-өзі ұстау, жорық кезінде алаңдамау, егер аялдама жасауға немесе бір жерге кетуге мәжбүр болса, топты ескерту қажеттілігі туралы ескертеді. Сонымен қатар төтенше жағдай кезінде өзіңізді қажетті заттармен қамтамасыз ету қажет. Өзіңізбен бірге пауэрбанк, су өткізбейтін пакеттегі сіріңкелер болуы міндетті. Сондай-ақ, туыстарыңызға сіз баратын жер туралы хабарлаңыз.
Тауға барар алдында құтқару телефондарын жазып алыңыз:
372-15-60-ҚР ТЖМ РЖҚЖ жедел кезекші бөлімінің телефоны немесе 112.
ҚР ТЖМ РЖҚЖ ММ баспасөз қызметі