
Шомылу маусымы ашылғалы, яғни маусым айынан бастап әр сенбі, жексенбі және мереке күндері 52859 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандарымен бірлесе отырып, Қарағанды қаласының аумағындағы тыйым салынған жерлерде патрульдік бақылау жүргізеді және қадағалау барысында халыққа түсіндіру жұмысын өткізеді.
Төтенше жағдайлар мамандарының айтуынша тыйым салынған жерлерде көбінесе балалар ата-анасының қарауынсыз шомылады.
Тексеру барысында су жағалауындағы тұрғындарға арнайы белгіленбеген жерде шомылудың қауіпті екенін ескертіп, жадынамалар таратылады.
Патрульдеу үшін әскери бөлімнен 8 келісім-шарт бойынша әскери қызметші, Газель маркасындағы 1 бірлік техника( авариялық-құтқару машинасы), моторы бар қайық жұмылдырылады.
ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімі