ТЖ бірінші вице-министрі жеке құрамға Ұлытау облысы ТЖД және ӨҚД жаңа басшыларын таныстырды

ТЖ бірінші вице-министрі жеке құрамға Ұлытау облысы ТЖД және ӨҚД жаңа басшыларын таныстырды

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі генерал-майор Ибрагим Даукесұлы Күлшімбаев Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында аумақтық құрылымдар мен ведомствалық бағынысты мекемелердің жеке құрамына Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен тағайындалған Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Есен Әлмуханбетұлы Байыровты, департамент бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Ләззат Төлеуғалиқызы Төлеуғалиеваны, департамент бастығының орынбасары полковник Бауыржан Ерболатұлы Биляловты, Ұлытау облысы бойынша Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы Бәйкен Есқанұлы Жұмабаевты, Ұлытау облысы бойынша Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің департаменті басшысының орынбасары Марғұлан Алтанұлы Жүнісовты, Ұлытау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» РММ бастығы азаматтық қорғау полковнигі  Бектемір Есбергенұлы Құдайбергеновты таныстырды.

Жиналыс барысында аумақтық бөлімшелердің басшылары қызмет бағыттары бойынша атқарылған жұмыс туралы баяндама жасады.

Ибрагим Күлшімбаев Ұлытау облысының құрылуына байланысты алда атқарылатын жұмыстарға тоқталып, жеке құрамның сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қатар ол азаматтық қорғау органдарының бөлімшелерін аралап, қызметімен танысты.

               

 

Ұлытау облысы ТЖД