
2022 жылғы 1 тамыз күні таңғы сағат 05.15-те Жетісу облысының ТЖД Алакөл ауданының Ақши ауылында Алакөл көлінде төрт жас адам, олардың біреуі кәмелетке толмаған (2000, 2003, 2003, 2007 ж.т.) жағадан катамаранмен жүзіп, жел мен толқындардның көтерілгенінен көлдің ортасына апарып тастағаны туралы хабарлама келіп түсті.
Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін шақыру орнына дереу Жетісу облысы ТЖД Алакөл өңірінің Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жіберілді.
Сағат 05.40-та жағадан 1.5 шақырым қашықтықта азаматтар табылып, жағаға жеткізілді.
Құтқарылғандармен судағы қауіпсіздік және құтқару кеудешелерін міндетті түрде кию бойынша профилактикалық түсіндіру-әңгіме жұмыстары жүргізілді.
Жетісу облысының ТЖД азаматтарды судағы қауіпсіздіктің барлық ережелерін сақтауға шақырады.
Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі