Министр Юрий Ильин 52859 әскери бөліміне жұмыс сапарымен келді

Министр Юрий Ильин 52859 әскери бөліміне жұмыс сапарымен келді

ҚР ТЖ министрі жүмыс сапары барысында әскери бөлімнің жеке құрамымен кездесті. Бөлімнің негізгі нысандары: қарауылдық үй-жай, медициналық бөлім, штаб, командалық пункт, психологиялық жеңілдету бөлмелері, ақпараттық-тәрбие жұмысы бөлмелері, казармалар, қоймалар, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери арнайы техника, құтқару құрал-жабдықтарымен танысты. Әскери бөлімнің материалдық-техникалық базасын, инфрақұрылымымы мен оқу-жаттығу объектілерін аралады.

Кейін Төтенше жағдайлар министрі бөлімнің офицерлері мен келісім-шарт бойынша әскери қызметшілермен сұхбат жүргізіп, әскери қызмет өткеру жағдайларын ескере отырып,жеке құрамға қызметте сәттілік тіледі.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша министр әскери бөлімнің қолбасшылығына жауынгерлік әзірлікті одан әрі арттыру және әскери қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

 

ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімі