18 жастағы студент баланы құтқарғаны үшін марапатталды

18 жастағы студент баланы құтқарғаны үшін марапатталды

21 шілдеде Алматы қаласында баланы құтқару кезінде көрсеткен батылдығы, мен жанқиярлығы үшін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің бұйрығымен Абай атындағы педагогикалық университетінің Дене шынықтыру факультетінің 18 жастағы студенті Махмуд Ерасыл Архатұлы "Төтенше жағдайдағы Ерлігі үшін" төсбелгісімен марапатталды.

Баланы құтқару кезінде көрсеткен жедел әрекеті үшін қала тұрғыны Нұрсұлтан Тамабаев Ермекбай Қазақстан Республикасы ТЖМ Алғыс хатымен марапатталды.

 ТЖ Министр атынан Алматы қаласы ТЖД бастығы Руслан Қасыбаев салтанатты түрде марапаттарды табыстады. Жиналған ұжымның алдында Руслан Қасыбаев Ерасылдың ата-анасына ұлын тәрбиелегені үшін алғысын білдірді. Ол Ерасылдай балалар  бар кезде, аға буын еліміздің болашағына сенімді бола алатынын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 21 шілдеде Махмұд Ерасыл 67- жастағы Тамабаев Ермекбайдың көп қабатты үйдің 7 қабаты деңгейінде өрт сатысының қоршауында құлайын деп тұрған бала туралы өтінішіне бірден жауап берген болатын. Соңғы минуттарда Ерасыл тордың артында соңғы күштерден ұстап тұрған кішкентай баланы ұстап алды, жұбатып,  кейін оны өз анасына берді. Осылай, Махмуд Ерасылдың батыл іс-әрекетінің, Астана тұрғыны Тамабаев Ермекбай азаматтың қырағылығының арқасында баланы биіктіктен құлаудан аман алып қалды.

 

 

Алматы қ. ТЖД баспасөз қызметі