ТЖМ отандық және шетелдік әріптестермен дағдарыс жағдайларында басқару мәселелері бойынша тәжірибемен бөлісті

ТЖМ отандық және шетелдік әріптестермен дағдарыс жағдайларында басқару мәселелері бойынша тәжірибемен бөлісті

2022 жылғы 1 тамызда төтенше жағдайларда басқару жөніндегі маман Майкл Фиппс бастаған АҚШ Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының делегациясының Нұр-Сұлтан қ. ТЖД ғимаратында орналасқан Дағдарыс жағдайларда басқару орталығының Ахуалдық залына баруы ұйымдастырылды.

Сапар барысында делегацияға Орталық қызметінің негізгі бағыттары туралы ақпарат берілді, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Қоғамдық денсаулық сақтаудағы төтенше жағдайлар жедел орталығының қызметін атқару мәселелері және оның Дағдарыс жағдайларда басқару орталығымен өзара іс-қимылын жасау мүмкіндігін талқыланды.

 

ҚР ТЖМ Халықаралық ынтымақтастық департаменті