Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары лауазымына азаматтық қорғау полковнигі Оразов Абиль Владимирович тағайындалды.
Ол облыстық ведомствода өрт қауіпсіздігі мәселелеріне жетекшілік ететін болады.
Абиль Владимирович Қостанай облысы Меңдіқара ауданының тумасы. Бұған дейін Шымкент қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы қызметін атқарған.
Қостанай гарнизонының азаматтық қорғау органдарының орта және аға басшы құрамының әртүрлі лауазымдарында қызмет өткерген.
Облыстық ТЖД аумақтық және құрылымдық бөлімшелерін басқаруда 20 жылдық тәжірибесі бар.
Қостанай облысының ТЖД
Кадр саясаты бөлімі