
Tartyl Fest спорт фестивалі 2022 жылдың 10 шілдесі мен 6 қыркүйегі аралығында елдің 20 қаласында өтеді, оған қазақстандықтар қатысып, ақшалай сыйлықтарға ие бола алады.
Турникке тартылудан жетінші республикалық Tartyl Fest спорттық фестивалі жуырда Қызылорда қаласында өтті. Қалалық мәдениет және демалыс саябағында қатысушылар салмағы мен жасына байланысты тоғыз санат бойынша бәсекелесті. Жарыс ресми төрешілер алқасының қатысуымен өтті.
Қатысушылардың ішінде 90 кг және одан жоғары салмақтағы қатысушылар бойынша Жедел құтқару жасағының құтқарушысы Уәлиев Ержан турникке тартылудан қатарластарының арасында 1-орын алып, 200 мың теңге ақшалай сыйлықтың иегері атанды. Сонымен бірге алдағы уақытта Нұр-Сұлтан қаласында өтетін жарысқа қатысуға жолдама алды.
Қызылорда облысы ТЖД