
28 шілдеде Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Юрий Ильин жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келді.
Сапардың бірінші күні Юрий Ильин 52859 әскери бөлімінде болып, Төтенше жағдайлар министрлігі жауынгерлік бөлімшесінің жеке құрамымен кездесті.
Жұмыс сапары аясында ол Саран қаласындағы «KamaTyresKZ» ЖШС шина шығаратын зауыт құрылысының барысымен танысып, «QazTehna» ЖШС автобус шығаратын зауытында болды. Сапар барысында өндіріс орындарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Сонымен қатар Саран қаласында салынып жатқан қазандықтың аумағында болды.
Бұдан өзге, Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы 2023 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысын тексерді. Шерубай-Нұра өзенінің арнасын санитарлық тазарту жұмыстарымен танысты, Абай ауданындағы Топар бөгетінің қалпына келтіру жұмыстарымен танысты.
2023 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Қарағанды облысында алдын алу шаралары белсенді жүргізілуде. Атап айтқанда, Нұра, Солонка және Ақбастау өзендерінің жекелеген учаскелерінде жағалауды бекіту және тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Өзендердің жоспарланған учаскелерінде де санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілуде.
Жұмыс сапарының екінші күні Төтенше жағдайлар министрі ведомстволық бағынысты бөлімшелердің жеке құрамымен және Қарағанды облысының тұрғындарымен кездеседі.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі