
2022 жылғы 26 шілдеде «Алматау Строй Гарант» СК ЖШС құрылыс объектісінде, Алматы қ., «Жетісу-3» шағын ауданы, 55А учаскесі, сағат 17.30 шамасында жазатайым оқиға орын алды.
Алдын ала деректер бойынша, мұнара кранын бөлшектеу процесінде қауіпсіздік техникасының бұзылуы салдарынан жебе секциясы аударылып кеткен (жебе секциясы тиісті түрде бекітілмеген).
Жазатайым оқиға салдарынан екі адам зардап шекті, олардың біреуі оқиға орнында қайтыс болды, екіншісі басынан жарақат алған және медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйге жіберілген.
Бұл ретте, құрылыстың тоқтатылуына байланысты 2021 жылғы қарашадан бастап кран пайдаланылмағанын атап өтеміз (кран 2021 жылы шығарылған, меншік иесі «Поток-8» ЖШС).
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті